Биыл Ақмола облысы түлектерінің ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыру мүмкіндігі бар

Бүгiн, Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң төрағалығымен өткiзiлген аппараттық кеңесте бiлiм беру бойынша бiрқатар маңызды мәселелер қаралды.

Бiлiм басқармасының басшысы Талғат Жүнiсов Ұлттық бiрыңғай тестiлеудi өткiзуге дайындалудың барысы және жазғы демалыс маусымында балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөнiндегi iс-шаралар туралы ақпарат бердi.

2018 жылы орта мектептi 4986 түлек бiтiредi, оның iшiнде: «Алтын белгi» кеуде белгiсiн алуға 264 түлек және ерекше үлгiдегi аттестат алуға 126 түлек үмiткер.

Оқушылардың 73%-ы ҰБТ тапсыруды жоспарлауда. Түлектердiң тестiлеудi ағылшын тiлiнде тапсыру мүмкiндiгiнiң болуы, биылғы жылғы ҰБТ форматының ерекшелiгi болып табылады. Тестiлеу 11 пункттiң базасында, яғни облыстың 8 және Астана қ. 3 тестiлеу пункттерiнде өткiзiлетiн болады.

Осы мәселе бойынша Мәлiк Мырзалин аудандар мен қалалардың әкiмдерiне iшкi iстер департаментiмен бiрлесiп, 2018 жылғы 10 маусымға дейiнгi мерзiмде ҰБТ қатысушыларын тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк қозғалысының маршруттарын әзiрлеудi, бiлiктi жүргiзушiлердi iрiктеудi жүзеге асыруды, автокөлiктiң техникалық тексеруден уақытында өткiзiлуiн және ҰБТ қатысушылары отырған автомашиналармен бiрге ҰБТ өткiзiлетiн орнына дейiн ерiп жүрудi қамтамасыз етудi және коммуникациялардың iркiлiссiз жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасауды тапсырды.

Сонымен қатар, облыс әкiмi тиiстi органдарға ұлттық бiрыңғай тестiлеу өткiзiлетiн пункттердiң және тұру орындарының ҰБТ қатысушыларын қабылдауға дайындығын тексерудi тапсырды.

Одан кейiн, кеңесте балалардың сауықтыру мекемелерiнiң жазғы демалысты ұйымдастыруға дайындаудың барысы талқыланды. Ағымдағы жаз маусымында сауықтырумен 110583 баланы қамту жоспарлануда, ол өңiр оқушыларының жалпы санынан 99% құрайды. 2017 жылы 17 лагер жұмыс iстедi, ағымдағы жылы 18 қала сырты сауықтыру орталықтары жұмыс iстейтiн болады.

Жазда мектеп оқушыларымен және студенттермен белсендi туристiк-өлкетану қызметi жоспарлануда. Оқушылар үшiн 5 мыңнан астам адамды қамту арқылы серуендер мен саяхаттар, «Ұлы Дала — Елi» дала экспедициясы ұйымдастырылады. Бурабай ауданында 500 қатысушыны қамту арқылы республикалық туристiк жасақтардың слетi өтедi. Шамамен 10 мың оқушы Ақмола облысының киелi орындары, елдiң басқа өңiрлерi бойынша да танымды сапарларға қатысатын болады.

Сонымен қатар, бiрқатар аудандарда мектеп оқушылары үшiн туристiк жорықтар, тарихи-өлкетану, археологиялық экспедициялар, шатырлы лагерлер ұйымдастырылады.

Құрылған күні: 14.05.2018
Қаралым саны: 830

Қаз Рус Eng