Ақмола облысында «SportFESTKazakhstan» республикалық спартакиадасының финалы салтанатты түрде ашылды

Бүгiн «Балдәурен» республикалық оқыту-сауықтыру орталығында елiмiздiң 800 мектебiнен өңiрлiк жарыстардың жеңiмпаздары жиналды.

Қазақстандағы бұқаралық спортты дамытудың бiрегей жобасының ақтық сынына қатысушыларды құттықтау үшiн ҚР Парламентi Сенатының депутаты Дариға Назарбаева, Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрi Дархан Қалетаев, Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин, сонымен қатар, басқа да мемлекеттiк органдардың, жастар ұйымдарының өкiлдерi және қазақстандық спорт жұлдыздары қатысты.

«SportFESТ Kazakhstan» бiрегей жобасының басты мақсаты мектеп оқушыларын жаппай спорт алаңдары мен стадиондарға тарту болып табылады. Дене шынықтыру бiздiң өмiрiмiздiң маңызды бөлiгiне айналуы керек. «SportFEST Kazakhstan» жыл сайын ептiлiктiң, күштiлiктiң, сұлулық пен денсаулықтың мерекесiне айналсын!» — дедi Дариға Нұрсұлтанқызы.

Турнир 6 спорт түрi бойынша өткiзiледi: футзалдан жасөспiрiмдер арасында, әскери-қолданбалы спорт түрлерi, шахмат, үстел теннисi, қыздар арасында баскетболдан және тоғызқұмалақ ұлттық ойыны. Iс-шараға өңiрлiк және облыстық iрiктеу турларынан өткен 8-10 сынып оқушылары қатысады: елiмiздiң барлық өңiрлерiнен қатысқан 6000 оқушының iшiнен 528 ақтық сынға қатысушылар.

Өңiр басшысы балаларды құттықтап, жеңiстер тiлеп, Бурабай курортын кеңiнен насихаттау мақсатында Ақмола облысында «SportFESТ Kazakhstan» ақтық сынын жыл сайын өткiзiп отыруды ұсынды.

Құрылған күні: 02.06.2018
Қаралым саны: 1178

Қаз Рус Eng