A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қаз | Рус | Eng
Аймақ басшысы Астрахан ауданында жұмыс сапарымен болды

Облыс басшысы Астрахан ауданының Новочеркасск селосында орналасқан «Нұр-А» ауыл шаруашылығы кооперативiнде болып, жұмысымен танысты. Кооперативтiң төрайымы Гүлбаршын Қожахмет өз сөзiнде «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» акционерлiк қоғамы арқылы қомақты несие алып, сүт салқындатқыш пен сүт таситын арнайы көлiк сатып алғанын, жақын арада сүт өңдейтiн қондырғы сатып алатынын, бес адамды жұмыспен қамтып отырғанын айтып бердi. Сүт өнiмдерi ауданның әлеуметтiк мекемелерi мен сауда орындарына өткiзiлетiн болады. Аймақ басшысы мұндай нысан ауданның өзге елдi мекендерiнде де болу қажеттiгiн атап өттi. Бұдан кейiн ол жақын арада пайдалануға берiлген «Тасбұлақ» жеке кәсiпорнының минералды су өндiретiн кешенiнiң цехтарын аралап көрдi. Сегiз адамды жұмыспен қамтып отырған кәсiпорын тәулiгiне 4 мың литр өнiм шығара алады.

Кәсiпкерлiк мемлекет тарапынан жан-жақты қолдануға ие екендiгiн айтқан облыс басшысы аудан орталығында орналасқан №6 агротехникалық колледжде болып, оқу бөлмелерiн аралап көрдi. Өткен жылы бөлiнген қаржыға бiлiм шаңырағының қосалқы шаруашылығының қорасына күрделi жөндеу жұмысы жүргiзiлген. Колледж аумағы абаттандырылып, жолдарға асфальт төселген. Мұнда 339 оқушы аспазшы, көкөнiс өсiрушi, механизатор, жүргiзушi мамандықтары бойынша мемлекеттiк және ресми тiлдерде бiлiм алады.

Облыс әкiмi шаштараз дайындайтын арнайы курсқа назар аударып, бұл үрдiстi өзге аудандарға үлгi ету қажеттiгiн атап өттi. Бұл курста Жарқайың мен Целиноград аудандарынан келiп оқитын оқушылар бар екен. Жұмыс сапарының барысында өңiр басшысы аудандық мәдениет үйi мен Жалтыр селосындағы дәрiгерлiк амбулаторияның жағдайымен танысты.

Аудан активiн өткiзiп, ауданның биылғы жылғы қаңтар-сәуiр айындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуын қорытындылап, оң бағасын бердi. Көктемгi егiстi қысқа мерзiмде аяқтаған диқандарға алғысын бiлдiрдi. Мал шаруашылығының кейбiр мәселелерiне тоқталып, мал басы мен ауыл шаруашылығы кооперативiнiң санын көбейтудi, кәсiпорындардың толық қуатында жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудi тапсырды. Ауданда балабақша кезегiнде тұрғандар көп. Аймақ басшысы бұл мәселенi мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiгi аясында шешуге болатынын атап өттi. Тиiстi басшыларға медициналық сақтандыру мәселесiн шешудi тапсырды.

 

 

 

Мақаланы құрған күні 09.06.2017
Қаралым саны: 774

Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83 индексі: 020000

Облыс әкімінің қабылдау бөлмесі:
8 (7162) 29-72-00

Әдеп жөнiндегi уәкiлi:
8 (7162) 29-73-54

Қабылдауға жазылу:
8 (7162) 29-72-43

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-71

Шығыс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-49

Кіріс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-44

Факс:
8 (7162) 29-72-98

Электрондық пошта адресі: akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23

Яндекс.Метрика
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Астана қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы облысының әкімдігі

Атырау облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімдігі

Қостанай облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімдігі

Павлодар облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Көкшетау қаласының әкімдігі

Степногорск қаласының әкімдігі

Ақкөл ауданының әкімдігі

Аршалы ауданының әкімдігі

Астрахан ауданының әкімдігі

Атбасар ауданының әкімдігі

Бұланды ауданының әкімдігі

Бурабай ауданының әкімдігі

Егіндікөл ауданының әкімдігі

Еңбекшілдер ауданының әкімдігі

Ерейментау ауданының әкімдігі

Есіл ауданының әкімдігі

Жақсы ауданының әкімдігі

Жарқайың ауданының әкімдігі

Зеренді ауданының әкімдігі

Қорғалжын ауданының әкімдігі

Сандықтау ауданының әкімдігі

Целиноград ауданының әкімдігі

Шортанды ауданының әкімдігі

ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫШТЫ БАСҚАРМАЛАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Ақмола облысының білім басқармасы

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Ақмола облысының дін істері басқармасы

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ақмола облысының туризм басқармасы

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Ақмола облысының қаржы басқармасы

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы