A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қаз | Рус | Eng
Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» атты халықаралық ынтымақтастық форумына қатысты

Ақорда. Форум аясында өткен «Тығыз ынтымақтастыққа арналған саяси бiрлескен қызмет» атты «дөңгелек үстел» жиынына қатысушылар алдында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннiң Еуразияда ежелгi Жiбек жолын жаңа, заманауи форматта қайта жандандыру идеясы әлемде белең алып келе жатқан саяси, экономикалық және гуманитарлық дағдарыстарға берiлген уақтылы жауап екенiн атап өттi.

– Патернализм мен саяси астары бар санкцияларды қолдану шаралары миллиондаған адамдардың экономикалық белсендiлiгiн төмендетiп, өмiр сүру деңгейiне әсер еттi. Соның нәтижесiнде, соңғы жылдары әлемдiк экономика мен саудада босаңдық пен құлдырау байқала бастады. Осындай жағдайда халықаралық кооперацияны ынталандыру үшiн әлем жаңа жетекшi күштiң қажеттiлiгiн өткiр сезiнуде, — дедi Қазақстан Президентi.

Нұрсұлтан Назарбаев «Бiр белдеу, бiр жол» бастамасы жаңа геоэкономикалық парадигма қалыптастыруға мүмкiндiк беретiнiн атап өттi. Оның табысты iске асуы, жинақтап алғанда, 4,4 млрд адам тұрғынды қамтитын елдерге пайда әкеледi.

Мемлекет басшысы «Бiр белдеу, бiр жол» өңiрлiк кооперациясының жаңа моделiнiң мықты тұстарына ерекше тоқталды.

– «Бiрлесе даму арқылы тұрақтылыққа қол жеткiзу» ұстанымы бүгiнде ондаған елдiң экономикалық мүддесiне сай келетiн халықаралық ынтымақтастықтың тартымды формасы болып саналады. Осыған орай, Жiбек жолының нақты сұлбасы көрiне бастаған қазiргi кезде бұл макроөңiрлiк кооперацияның бiрлескен стратегиялық үйлесiмi қажет. Сондай-ақ, Жiбек жолы бастамасын iске асыру тұтас бiр өңiрлердi, соның iшiнде Орталық Азияны жаһандық контексте жаңа тұрпатта танытуға мүмкiндiк бередi, — дедi Қазақстан Президентi.

Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия әлемнiң ең iрi нарықтары арасындағы басты дәнекерге айналып, қайтадан стратегиялық маңызға ие болғанын атап өттi.

Сонымен қатар, Қазақстан Президентi Еуразиялық экономикалық одақтың осы процестегi маңызды рөлiне тоқталды.

– «Үлкен Еуразияның» бiртұтас экономикалық кеңiстiгiн құру идеясы жаңа мәнге ие болуда. Жiбек жолының экономикалық белдеуi Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ және Еуропалық одақ платформаларын өркендеудiң бiртұтас өңiрлiк аумағына ұтымды түрде тоғыстыра алады, — дедi Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев «Бiр белдеу, бiр жол» бастамасын iске асыру жөнiнде бiрқатар нақты ұсыныстарын бiлдiрдi.

– Жiбек жолы экономикалық белдеуiнiң транзиттiк әлеуетiн тиiмдi игеру үшiн қызмет көрсету деңгейiн жақсартып, әкiмшiлiк кедергiлердi жою арқылы тауар ағынын өткiзудi бiрте-бiрте жеңiлдету қажет. Қазақстан бұл мәселе бойынша нақты шаралар қабылдауда. Ол сараптама мен тиiстi қаржыландыруды талап етедi. Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкi осындай бағдарламаларды белсендi түрде қаржыландыру керек деп есептеймiн. Бұл — болашаққа арналған инвестиция, — дедi Қазақстан Президентi.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы жаңа Жiбек жолы бойында орналасқан елдердiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатымен ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытудың маңыздылығын атап өттi.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев инновациялық және ғылыми-техникалық даму саласындағы ынтымақтастықты тереңдетудi ұсынды.

– Жобаларды бiрлесе қаржыландыру, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар мен технологиялар трансфертi орталықтарын, инновациялық компанияларды, венчурлық қорларды құру мәселелерiн қарастырған дұрыс. Осы орайда, қазақстандық ғалымдардың Жiбек жолының Халықаралық ғылым академиясын құру жөнiндегi ұсынысына назар аударғым келедi. Сонымен бiрге, қоршаған ортаның, соның iшiнде көлiк артериялары бола алатын iшкi континенталды трансшекаралық өзендердiң су ресурстарын тиiмдi басқару мәселелесiн де назардан тыс қалдырмаған жөн, — дедi Қазақстан Президентi.

Соңында Мемлекет басшысы «Бiр белдеу, бiр жол» идеясын ойдағыдай iске асыру үшiн мүдделi елдер арасында өзара сенiмнiң орнығуы, олардың тең құқықтылыққа және жан-жақты ынтымақтастыққа дайын болуы маңызды екенiн атап өттi.

Мақаланы құрған күні 15.05.2017
Қаралым саны: 752

Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83 индексі: 020000

Облыс әкімінің қабылдау бөлмесі:
8 (7162) 29-72-00

Қабылдауға жазылу:
8 (7162) 29-72-43

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-71

Шығыс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-49

Кіріс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-44

Факс:
8 (7162) 29-72-98

Электрондық пошта адресі: akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23

Яндекс.Метрика
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Астана қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы облысының әкімдігі

Атырау облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімдігі

Қостанай облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімдігі

Павлодар облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Көкшетау қаласының әкімдігі

Степногорск қаласының әкімдігі

Ақкөл ауданының әкімдігі

Аршалы ауданының әкімдігі

Астрахан ауданының әкімдігі

Атбасар ауданының әкімдігі

Бұланды ауданының әкімдігі

Бурабай ауданының әкімдігі

Егіндікөл ауданының әкімдігі

Еңбекшілдер ауданының әкімдігі

Ерейментау ауданының әкімдігі

Есіл ауданының әкімдігі

Жақсы ауданының әкімдігі

Жарқайың ауданының әкімдігі

Зеренді ауданының әкімдігі

Қорғалжын ауданының әкімдігі

Сандықтау ауданының әкімдігі

Целиноград ауданының әкімдігі

Шортанды ауданының әкімдігі

ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫШТЫ БАСҚАРМАЛАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Ақмола облысының білім басқармасы

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Ақмола облысының дін істері басқармасы

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ақмола облысының туризм басқармасы

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Ақмола облысының қаржы басқармасы

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы