«Туған жер» бағдарламасы аясында Ақмола облысында мәдени-сауықтыру кешені мен дәрігерлік амбулатория қайта жаңғыртылады

Ақмола облысында«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға кәсiпкерлер атсалысуда. Алғашқы болып Елбасы бастамасын iске асыруға «Родина» АФ ЖШС директоры И. Сауэр ниет бiлдiрдi. Ол аталған бағдарлама аясында құны 90 млн теңгеге болатын 2 жобаны жүзеге асырмақ. Олардың бiрi түрмыстық корпусқа күрделi жөндеу жасау арқылы мәдени-сауықтыру кешенiне айналдыру. Сондай-ақ дәрiгерлiк амбулаторияны қалпына келтiрiп, ел игiлiгiне ұсыну.

Бұдан басқа И. Сауэр мемелкеттiк-жеке серiктiстк аясында аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге бағытталған екi жобаны өз қолына алды.

Еске сала кетейiк, И. Сауэр басқаратын «Родина» АФЖШС орналасқан ауыл облыстағы ең үлгiлi елдi-мекендердiң бiрi. Ауылдың өз авиациясы бар, сонымен қатар хайуанаттар бағы, хоккей корты, мәдени орталығы, шiркеу салынған. Жақында тұрғын-үй мәселесiн шешу мақсатында 18 баспана пайдалануға берiлген. Қосымша айта кететiн жайт, ауыл тұрғындарына отыннан, көмiрден, шөптен қажеттiлiктi ЖШС есебiнен берiлiп отырады. Ал ҰОС ардагерлерi, 1-шi топтағы мүгедектер азық-түлiк пен шаштараз қызметiн 50 пайыздық жеңiлдiкпен пайдаланады.

 

 

Құрылған күні: 09.06.2017
Қаралым саны: 1067

Қаз Рус Eng