Тимур Құлыбаев: Азық-түлік саудасын тікелей өндірушіден жүзеге асыру керек

«Атамекен» басшысы азық-түлiк саудасында делдалдарды алып тастап, өнiмдi тiкелей өндiрушiден алуды жолға қоюды және бұл iстi Астанадан бастауды ұсынды.

«Атамекен» Ұлттық кәсiпкерлер палатасы әкiмдiкпен бiрлесiп, Ақмола облысында Астана нарығына тiкелей шығатын көтерме-бөлшек сауда орталықтарын құру мәселесiн пысықтауға дайын.

Бұл туралы Ақмола облысы әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң қатысуымен өткен өңiрлiк кәсiпкерлер кеңесiнiң отырысында «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев мәлiм еттi.

«Жергiлiктi өндiрушiлердiң мақсатты нарығы бар, ол — Астана. «Атамекен» әкiмдiкпен бiрлесiп, өндiрушiден тұтынушыға тiкелей жеткiзудi жолға қоюды, облыс аумағында ауыл шаруашылығының барлық өнiмi сұрыпталып, елорда нарығына жеткiзiлетiн көтерме-бөлшек сауда орталығын құру мәселесiн пысықтауды ұсынады. Осылайша, Астанамен көршiлес жатқан облыстағы өндiрушiлерге азық-түлiк тауарларын делдалсыз, тiкелей өткiзуге көмектесемiз, бұл тауар бағасын арзандатуға мүмкiндiк бередi», — дедi Тимур Құлыбаев.

Ұлттық палата басшысы ең алдымен ел iшiнен инвесторларды тарта отырып көтерме-бөлшек орталығын құру мәселесiн шешудi ұсынды.

«Ұлттық кәсiпкерлер палатасы қаржыландырумен көмектесуге дайын. Бұл дамыту институттары немесе бiздiң отандық инвесторлар болуы мүмкiн. Бiз өзге өңiрлердегi бизнесмендерге Ақмола облысы аумағында жобаны жүзеге асыруға қатысуды ұсынамыз. Мұндай жұмысты «Атамекен» әкiмдiкпен бiрлесiп өткiзуге дайын», — дедi Тимур Құлыбаев.

Агроөнеркәсiп кешенiн дамыту — өңiрдегi басым бағыттардың бiрi. Ақмола облысының кәсiпкерлер палатасы 93 ауыл шаруашылығы кооперативiн, оның iшiнде 6 сүт зауыты мен 15 сүт қабылдайтын бекетiн құруды қолдады.

«Бастау» жобасы арқылы 900 тұрғын бизнес негiздерiн оқыды, оның iшiнде 260 қатысушы жеке кәсiбiн ашты. Жобалардың басым көпшiлiгi ауыл шаруашлығы, қызмет көрсету, құрылыс материалдарының өндiрiсi салаларына арналған.

«Кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту идеясы — өте дұрыс және бұл Мемлекет басшысынан қолдау тапқан бағыт. «Бастау» қатысушыларына тиiмдi шарттар бойынша төмен пайызбен несие берiлуi де маңызды. Биыл шағын несиелеуге қаржы екi есе көп бөлiнбек. Өз кезегiнде «Атамекен» оқыту бағытына ғана емес, жобаларды сүйемелдеуге де көңiл бөледi. Қатысушыларға бизнес-жобаларын анағұрлым тиiмдi жүзеге асыруға көмектеседi», — дедi Ұлттық палата басшысы.

Сонымен қатар жиында кәсiпорындарға маман дайындау мәселесi көтерiлдi. «Атамекен» өкiлдерi бұл үдерiске бизнес белсендi қатысып, қызығушылық танытуы керек деп санайды.

«Өңiрлiк мамандарға деген сұранысын тапсырысқа сай реттеу мақсатында оқу орындарына мемлекеттiк тапсырысты бөлу бойынша комиссия құрамында бизнес өкiлдерi болуы шарт. Мәселен, бұл облыс ауыл шаруашылығына қолайлы. Осы салада жұмыс iстейтiн бизнес кiлдерi өндiрiске қандай мамандар қажет екенiн айта алады. Әкiмдiктi осы мәселенi Өңiрлiк кәсiпкерлер палатасымен бiрлесiп шешудi сұраймын», — дедi Тимур Құлыбаев.

Сілтеме

 

Құрылған күні: 12.04.2018
Қаралым саны: 828

Қаз Рус Eng