Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі 2018 жылдың басынан қайырымдылық акциялар ұйымдастыру арқылы 3 миллион теңгеден астам қаражат жинаған

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесi жұмысының негiзгi бағыттары, отбасы құндылықтарын сақтауға және насихаттауға атсалысу, отбасылық дәстүрлердi дамыту iсiмен айналысу, отбасы мәртебесiн көтеру және ұрпақтар сабақтастығын нығайту болып табылады. Сонымен қоса аз қамтылған, көмекке мұқтаж жандар мен отбасыларға жәрдем беру iстерiмен де белсендi айналысады.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесiмен 2018 жылдың басынан 10-ға жуық қайырымдылық акциялар өткiзiлдi.

Зерендi ауданында өткен қайырымдылық аукционында 1,7 млн. теңге қаржы жиналған. Қаражат жинау iсi Алғыс айту күнiне орайластырылған. Аукционның өткiзiлу мақсаты сегiз жасар бүлдiршiн Елнұр Маратовқа көмектесу болды. Небәрi бес айлығында дәрiгерлер оның аяғының деформациясы бар екенiн анықтаған, осы күндерге дейiн бiрнеше ота жасалып та үлгерген. Қазiргi таңда ол Санкт-Петербург қаласы Г.Турнер атындағы балалар ортопедиялық ғылыми-зерттеу институтында ем алып жатыр.

Сонымен қатар, облыстық Аналар кеңесiнiң мүшесi Зенфира Новрузова Бұланды ауданы, Макинск қаласында тұратын өз қамтылған отбасыларға 500 мың теңге көлемiнде қаржылай көмек жасады.

Облыстық Аналар кеңесiнiң белсендiлерi «KÓKSHE» телеарнасының «Асар» қайырымдылық акциясына қатысып, бұл шара қорытындысы бойынша көпбалалы отбасыларға 900 мың теңге көлемiндегi сомаға киiмдер берiлдi.

Бұл шаралардың басты ұйымдастырушысы, облыстық Аналар кеңесiнiң төрайымы Зере Қиықова аталмыш бағыттағы жұмыстардың алдағы уақытта жалғасын табатынын айтады.

Құрылған күні: 17.05.2018
Қаралым саны: 650

Қаз Рус Eng