A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Парламент сайлау мерзімі аяқталғанға дейін жұмыс істейтін болады - Президент

 АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгiн отандық және халықаралық БАҚ өкiлдерiмен  кездесу кезiнде Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Парламент  депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткiзу туралы сұраққа жауап бердi,  деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

 — Жақсы бiр тәмсiл бар: жаңа сайлаудан кейiн және үйленгеннен кейiн ылғи  да өз қалағаныңа қолың жете бермейдi. Сондықтан… Не үшiн адамдар жаңа  сайлаудың болғанын қалайды? Парламент 2021 жылға дейiн сайланды. Ол  өзiнiң мерзiмi аяқталғанға дейiн жұмыс iстейтiн болады», — дедi Президент.

 Бұған дейiн хабарлағанымыздай, Кездесуге қатысушылар «Қазақстанның  үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» атты жолдауды iске асыру  аясында ел экономикасын трансформациялау үдерiсiнiң бiрқатар аспектiлерiн,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерiн, қазiргi саяси жаңғыру  кезеңiнiң ерекшелiктерiн, БҰҰ Қауiпсiздiк кеңесiнiң тұрақты емес мүшесi  ретiндегi Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын, сондай-ақ басқа да маңызды жайттарды талқылады.

Кездесуге «Қазақстан», «Хабар», «МИР» телеарналарының, «Айқын» газетiнiң, «Esquire» журналының, «Қазақпарат» ақпарат агенттiгiнiң журналистерi қатысты.

 

Мақаланың шыққан күні: 17.03.2017
Қаралым саны: 63
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі 83, индекс: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23