A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Парламент Конституцияға енгізілген өзгертулерді қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат  — Бүгiн ҚР Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Құрметтi депутаттар, құрметтi шақырылған қонақтар сонымен бiз Елбасымыз Н.Назарбаевтың ұсыныстарын негiзге алып, Конституциямызға енгiзiлген барлық өзгерiстердi қабылдадық. Осы тарихи шешiммен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын», — дедi Мәжiлiс төрағасы Нұрлан Нығматулин. Айта кетерлiгi, отырыс барысында Конституциялық реформа жөнiндегi заң жобасын екiншi оқылымға дайындау жөнiндегi бiрлескен комиссия төрағасы Нұрлан Әбдiров негiзгi баяндама жасап, Ата заңымызға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар Мәжiлiс пен Сенаттың тұрақты комитеттерiнде, саяси партиялардың фракцияларында талқыланып, барлық ұсыныстар бiрлескен комиссияға берiлгендiгiн атап өттi және оларды жария еткен болатын. «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша бiрiншi оқылым 3 наурыз күнi өткен болатын. Отырыс барысында ҚР Президентi баяндама жасады. Нұрсұлтан Назарбаев конституциялық реформаларды ескере отырып, Үкiмет пен Парламент қандай жағдайда жұмыс iстейтiндiгiн түсiндiрдi.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсендi сiлтеменi пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/parlament-konstituciyaga-engizilgen-ozgertulerdi-kabyldady_a3005359

Мақаланың шыққан күні: 06.03.2017
Қаралым саны: 288
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23