A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Президент конституциялық өзгерістерді референдумға не үшін жібермегенін түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат — ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев конституциялық реформаны депутаттық корпусқа не үшiн сенiп тапсырғанын айтып бердi, деп xабарлайды ҚазАқпарат. "Мен Парламент депутаттарынан бiздiң заңнамалар мен үрдiстердi сақтай отырып, көпке созбай аталмыш заң жобасын қарастыруды сұраймын", — дедi Президент Парламент палаталарының бiрлескен отырысында конституциялық өзгерiстердi меңзеп. "Конституцияны өзгертудiң екi жол бар. Президент талқылаудан кейiн өзгерiстердi жалпыxалықтық референдумға жiбере алады немесе Парламент шешiмiмен өзгертiледi. Елiмiздiң негiзгi саяси билiк жүйесi өзгерiске ұшырамайтындығын ескерсек, реформа адамның негiзгi құқықтары мен еркiндiгiне жанаспайтындықтан, қаражат пен адами ресурстар шығындап, референдум өткiзудiң қажеттiлiгi шамалы. Сондықтан халық сайлаған депутаттық корпус Конституцияға сәйкес, аталған заңдарды енгiзуге құқылы. Сол себептi мен екiншi жолды таңдадым. Парламент өзiнiң заң шығару мiндетiн абыроймен атқарып шығатынына сенiмдiмiн. Бiздiң мақсатымыз бiр — мемлекеттi басқару жүйесiн одан әрi тиiмдi, тұрақты, қазiргi заманға сай ету. Бiздiң жол — қоғамымыздың демократиялық даму жолы екенiн тағы нақтылайды", — дедi Елбасы. Мемлекет басшысының айтуынша, қазiргi Қазақстанның билiк жүйесiнде орын алып жатқан өзгерiстер қоғамды демократияландырудың келесi кезеңдерiнiң бiрi. Сонымен қатар, Елбасының сөзiнше, аталмыш өзгерiстер Қазақстанның әлемнiң дамыған 30 мемлекетiнiң қатарына қосылуына да өз ықпалын бередi. "Жақын жылдары экономиканың өсiмiн 5%-ға жеткiзу қажет. 25 жылда әлемнiң дамыған 30 елдерiнiң қатарына енген жалғыз ел бар, ол — Оңтүстiк Корея. Сондықтан бұл iс соншалықты оңай емес. Барлығы тырысуда. Бiз де соған тырысамыз. Бәсекелестiк жағдайында бiз қажеттi жұмысты жасауымыз керек. Бәскелестiк — әр адамның бәсекеге қабiлеттiлiгi. Сол себептi бiлiм беру сапасы мен мамандардың жоғары бiлiктiлiгi өте маңызды. Егер Үкiметтiң құрамын қарайтын болсақ, олардың орташа жасы шамамен 40 жаста, жоғары бiлiмдi, ағылшын тiлдi, өзге елдердiң тәжiрибелерiн игере алатын азаматтар. Бiз әлемнiң дамыған 30 мемлекетiнiң қатарына енудi мақсат етiп отырмыз. Барлығын тек сол үшiн жасаудамыз. Саяси және теxнологиялық жаңғыртулар да сол мақсатта қолға алынуда. Оны әрдайым есте сақтау керек", — дедi Н. Назарбаев. Айта кетейiк, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың билiк тармақтары арасында өкiлеттiктердi қайта бөлу жөнiндегi Үндеуiне орай конституциялық реформа бастамасы жалпыхалықтық талқылаудан өттi. Конституциялық реформаның мақсаты — демократиялық процестердi iлгерiлету арқылы мемлекеттегi басқару жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру. Осының арқасында Қазақстандағы жағдайды одан әрi жақсартуға, халықтың әлеуметтiк-экономикалық жағдайын көтеруге мүмкiндiктер туатын болады. Бұнымен қоса, билiк тармақтары арасындағы теңгерiмдiлiк сақталады. Парламент пен Үкiмет және сот билiгi өз өкiлеттiктерi аясында, теңгерiмдi жағдайда жұмыс жасайтын болады.

Мақаланың шыққан күні: 03.03.2017
Қаралым саны: 287
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23