A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қаз | Рус | Eng
МСАК-ты дамыту және халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсарту туралы

Бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi Медициналық көмектi ұйымдастыру департаментiнiң директоры Лаура Ахметниязова мен ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханованың қатысуымен пресс-конференция өттi.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейiнде жан-жақты, әлеуметтiк бағдарланған және қолжетiмдi көмектi қалыптастыруға бағытталған шаралар қабылдауда. МСАК-тың әлеуметтiк-бағдарланған моделiн енгiзу отбасылық денсаулық орталықтарын, профилактика және әлеуметтiк-психологиялық көмек бөлiмшелерiн ашуға, МСАК штаттық нормативiне әлеуметтiк қызметкерлердi, психологтарды енгiзуге негiзделген.

Лаура Ахметниязова атап өткендей, жалпы республикада, әсiресе республикалық деңгейдегi қалаларда бiр жалпы практика дәрiгерiне 2,5-3 мың тұрғыннан келедi.

Осыған байланысты, Министрлiк қазiргi уақытта осы көрсеткiштi бiр жалпы практика дәрiгерiне 1,5 мың тұрғынға дейiн азайтуға бағытталған iс-шараларды қарастырып отыр. Бұл мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiктi дамыту және медициналық алғашқы көмек көрсететiн, жалпы практика дәрiгерлерi халыққа барынша жақын болып бiрге қабылдау жүргiзетiн шағын жеке клиникаларды дамыту арқылы жасалатын болады.

Бұдан өзге, МСАК деңгейiнде 0-ден 6 жасқа дейiнгi балаларға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру және жалпы практика дәрiгерлерiнiң жүктемесiн тiркелген 1500 тұрғынға дейiн төмендету мақсатында педиатрия учаскелерiн қалпына келтiру жұмысы жүргiзiлуде. Қабылданып жатқан шаралар 2024 жылға қарай 0-ден 6 жасқа дейiнгi балаларға педиатриялық учаскелерде қызмет көрсетудi қамтамасыз етедi.

Сонымен бiрге медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұсынуды жетiлдiру үшiн созылмалы ауруы (қант диабетi, артериалды гипертензия, созылмалы жүрек жеткiлiксiздiгi) бар пациенттердi белсендi бақылауға негiзделген ауруларды басқару бағдарламасын (АББ) енгiзу жөнiндегi жоба iске асырылуда.

Анықтама үшiн: нәтиже пациенттiң 75 % -ында артериалды қан қысымы тұрақты екенiн, қант диабетi бар пациенттердiң 65%-ының қан көрсеткiштерiнде оң динамика бар екенiн көрсеттi. Созылмалы жүрек жеткiлiксiздiгi бар пациенттердi емдеуге жатқызу жағдайлары 2 есеге дейiн төмендеген. Ағымдағы жылы жоба барлық 16 өңiрде iске асырылды, жобаға қатысқан пациенттердiң саны 2 есеге (3 мыңнан 7 мыңға дейiн) ұлғайған.

«Министрлiк әзiрлеген «МСАК-ты жаңғырту және басым түрде дамыту негiзiнде пациенттiң мұқтаждықтары аясында барлық денсаулық сақтау қызметтерiн интеграциялау» жобасын iске асыру жөнiндегi жол картасын iске асыру шеңберiнде амбулаториялық-емханалық ұйымдардың құрамында туберкулезге қарсы 218 кабинет, 42 психикалық денсаулық кабинетi, 1280 тексеру (оның iшiнде 823-i әйелдер, 322-сi ерлер) кабинетi, 371 онкология кабинетi, 287 маммологиялық кабинет жұмыс iстейдi», — дедi Лаура Ахметниязова.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша мектеп медицинасын дамыту және жетiлдiру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттiк бағдарламасының жоспарын iске асыру шеңберiнде медицина пункттерi мен медицина қызметкерлерiнiң штатын бiлiм беру жүйесiнен денсаулық сақтау жүйесiне беру жұмысы аяқталуда.

Жыл басынан берi штат саны 7132 адамды құрайтын 6117 медицина пунктi бiлiм беру жүйесiнен денсаулық сақтау жүйесiне берiлдi.

Диспансерлiк науқастарды дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етудi жетiлдiру мақсатында «Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде және мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiнде азаматтарды, оның iшiнде белгiлi бiр аурулары (жай-күйлерi) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегiн немесе жеңiлдiкпен берiлетiн дәрiлiк заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және мамандандырылған емдiк өнiмдермен қамтамасыз етуге арналған дәрiлiк заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығы бекiтiлдi. Амбулаториялық деңгейде тегiн қамтамасыз ету үшiн осы бұйрықпен аурулар мен дәрiлiк заттардың тiзбесi кеңейтiлдi.

Мақаланы құрған күні 06.11.2017
Қаралым саны: 253

Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83 индексі: 020000

Облыс әкімінің қабылдау бөлмесі:
8 (7162) 29-72-00

Әдеп жөнiндегi уәкiлi:
8 (7162) 29-73-54

Қабылдауға жазылу:
8 (7162) 29-72-43

Кіріс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-44

Шығыс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-49

Электрондық жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-51

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-71

Факс:
8 (7162) 29-72-98

Электрондық пошта адресі: akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-23, 29-72-25, 29-72-54

Яндекс.Метрика
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Астана қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы облысының әкімдігі

Атырау облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімдігі

Қостанай облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімдігі

Павлодар облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Көкшетау қаласының әкімдігі

Степногорск қаласының әкімдігі

Ақкөл ауданының әкімдігі

Аршалы ауданының әкімдігі

Астрахан ауданының әкімдігі

Атбасар ауданының әкімдігі

Бұланды ауданының әкімдігі

Бурабай ауданының әкімдігі

Егіндікөл ауданының әкімдігі

Еңбекшілдер ауданының әкімдігі

Ерейментау ауданының әкімдігі

Есіл ауданының әкімдігі

Жақсы ауданының әкімдігі

Жарқайың ауданының әкімдігі

Зеренді ауданының әкімдігі

Қорғалжын ауданының әкімдігі

Сандықтау ауданының әкімдігі

Целиноград ауданының әкімдігі

Шортанды ауданының әкімдігі

ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫШТЫ БАСҚАРМАЛАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Ақмола облысының білім басқармасы

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Ақмола облысының дін істері басқармасы

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ақмола облысының туризм басқармасы

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Ақмола облысының қаржы басқармасы

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы