Н. Нығматулин: Елбасы тапсырмаларын сапалы заңдармен қамтамасыз ету - біз үшін өте үлкен жауапкершілік және абыройлы міндет

Астана. 17-қаңтар. Мәжiлiс үйi. Бүгiн Палата Спикерi Нұрлан Нығматулиннiң төрағалығымен Мәжiлiстiң 2018-шi жылдағы алғашқы жалпы отырысы өттi. Н. Нығматулин күн тәртiбiндегi сұрақтарға кiрiспес бұрын Елбасының Жолдауын жүзеге асыру жолында жүктелген мiндеттерге тоқталды. Мәжiлiс Төрағасының пiкiрiнше, бұл жолдау — елiмiз дамуындағы жаңа тарихи дәуiрдi бастайтын болады. Себебi, Қазақстан Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайында даму жолына қадам басты. Одан әрi Н. Нығматулин: -Президентiмiз нақты белгiлеп берген 10 бағыт ол — бiздiң заманға сай болуымыз үшiн жаңа мүмкiндiктерге, жаңа табыстарға жол ашатыны сөзсiз. Сондықтан, Елбасымыз жүктеген мақсаттарды сапалы заңдармен қамтамасыз ету — ол бiз үшiн өте үлкен жауапкершiлiк және абыройлы мiндет,-дедi. Мәжiлiс Спикерi атап өткендей, Жолдауда табиғи монополияларды реттеу және венчурлық қаржыландыру, Экологиялық Кодекс, денсаулық саласына қатысты заңнамаларды жетiлдiру бойынша нақты тапсырма жүктелген. Сондай-ақ, сессия соңына дейiн Президент Жолдауын жүзеге асыруға қатысты басқа да маңызды заң жобаларын қабылдау мiндетi тұр. Н. Нығматулин депутаттардың осы жылғы аймақтарға сапары жайлы ақпаратты да назардан тыс қалдырмады. Мәжiлiс депутаттары барлығы 400-ге жуық елдi мекендерде болып, 1500-ден астам кездесу өткiздi. Бұл кездесулер ел тұрғындарына қабылданған заңдардың қыр-сырын түсiндiруге, сондай-ақ, барлық саладағы өзектi сұрақтарды жан-жақты талқылауға мүмкiндiк бердi.

 

Құрылған күні: 17.01.2018
Қаралым саны: 1300

Қаз Рус Eng