A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Бақыт Сұлтанов «қиналып» жүрген кəсіпкерлерге ақыл айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгiн Қаржы министрлiгiнiң алқа отырысын өткiзген ведомство басшысы Бақыт Сұлтанов жеке кəсiпкерлерге онлайн касса аппараттарын орнатса, оларды ешкiм тексерумен қинай алмайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi. «Мемлекет басшысы қадап айтқан мəселелердiң бiрi — тексерулердiң саны. Былтыр өткен 76 мың тексерудiң төрттен бiрi, яғни, 23 мың тексеру рейдтiк тексеру болды. Бұл жерде бiз мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiне пайдасы жоқ болса, осы рейдтiк тексерулерге шықпай-ақ қойсын деген тапсырма бердiк. Тексерулердiң көбi кассалық аппараттардың бар-жоғын тексеруге қатысты болып отыр»,-дейдi министр. Қаржы министрi кəсiпкерлердi онлайн касса аппараттарын орнатуға шақырды. «Осы 23 мың тексерудi өткiзбей-ақ қойсақ та болар едiк. Тұтынушылар мен қызметтерге қатысты жұмыс жүргiзсек жеткiлiктi. Тексеру жүргiзетiн əрбiр адам өз аумағындағы кəсiпкерлермен тығыз жұмыс iстеп, алдын ала ескерту қағаздарын таратса, жеткiлiктi. Мен де қазiр кəсiпкерлерге өз ойымды айтқым келiп тұр. Сiздерден өтiнерiм, кассалық аппаратты орнатыңыздар, сонда сiздердi ешкiм тексере алмайды, рейдтiк тексеру өткiзiп, қинамайды»,-дейдi министр.

Мақаланың шыққан күні: 23.02.2017
Қаралым саны: 280
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23