Қазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккен ақмолалықтарға 22 млн теңге аударды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат — Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккен аудандарға белсендi жәрдем көрсету жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Ақмола облысы iшкi саясат басқармасының Аймақтық коммуникациялар қызметi. Көкшетау, Степногорск қалалары және Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Есiл, Жақсы, Зерендi, Шортанды аудандары атбасарлықтар мен сандықтаулықтарды, Астрахан, Целиноград аудандарының тұрғындарын азық-түлiк, киiм-кешек, бөтелкедегi су, жуу заттары, гигиеналық құралдар және табиғи газбен қамтамасыз еттi. Ерейментау ауданы Атбасар қаласына шамамен үш миллион теңгеге 77 бас қой, 2 iрi мүйiздi мал түрiнде гуманитарлық көмек көрсеттi. Одан бөлек, аудандардың барлық мемлекеттiк қызметкерлерi арнайы есепшотқа бiр күндiк еңбекақыларын -шамамен 10 миллион теңге аударды. Ақмолалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Қазақ тiлi және мәдениет» қоғамдық бiрлестiгiнiң арнайы есепшотына елiмiздiң қайырымды азаматтарынан түскен ақша аударымдарының жалпы сомасы 22 миллион теңгеге жеттi.

Құрылған күні: 27.04.2017
Қаралым саны: 2169

Қаз Рус Eng