A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қазақстан Астананы Еуропадағы қақтығыстарды шешетін алаң ретінде ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстанның сыртқы iстер вице-министрi Роман Василенко сейсенбi күнi БҰҰ Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Еуропадағы қақтығыстарға арналған отырысы шеңберiнде Астананы осы жанжалдарды дипломатиялық жолмен шешудiң баламалы алаңы ретiнде ұсынды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. «Әлi күнге дейiн, өкiнiшке орай жалғасып жатқан Еуропадағы қақтығыстар бойынша менiң елiмнiң позициясы баршаға белгiлi. Қазақстан осы шиеленiстерге қатысы бар барлық елдермен жақсы қарым-қатынаста. Сондықтан бiз Астана платформасы сенiм мен халықаралық құқықтың негiзгi принциптерiн бұлжытпай орындауды қалпына келтiрудiң қосыша тәуелсiз алаңы бола алады деп есептеймiз»,-дедi ол. Сейсенбiде БҰҰ Қауiпсiздiк Кеңесiнде Украинадағы, Грузиядағы, Балқандағы және басқа да елдердегi қақтығыстарға арналған отырыс өтуде. Қазiргi уақытта Украина БҰҰ Қауiпсiздiк Кеңесiнiң төрағасы болып табылады.

Мақаланың шыққан күні: 22.02.2017
Қаралым саны: 157
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі 83, индекс: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23