Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасына сұхбат берді

Хабар 24.Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» Агенттiгiнiң тiлшiлерiне сұхбат бердi. Елбасы рухани жаңғыру үдерiсiне қатысты өзектi сұрақтарға жауап берiп, конституциялық реформадан күтiлетiн нәтижелер жөнiнде айтты. Сондай-ақ Елбасы отандық туризмдi дамытудың перспективалары мен өңiрлердегi мәдени-туристiк кластердiң қалыптасуы және латын әлiпбиiне көшу туралы ойын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президентi: — Латын әрпiне көшкенде, бiз орыс тiлiнен қашып кетейiн деп жатқан жоқпыз. Алыпқашпа сөзбен осыны кейбiр саясаткерлер айтады. Әсiресе орыс тiлiнде. Әлiпби — қазақтың тiлiне байланысты мәселе. Ғылым менен техниканың көзi орыс тiлiне көп аударылған. Барлығынан ажырап қалсақ, бiз байымаймыз, кедейленемiз. Переход на латиницу не означает отказ от русского языка. Латиница будет касаться прежде всего казахского языка. Все издания, издающиеся на русском языке, русскоговорящим гражданам Казахстана кириллица остается. Бұл — үлкен мәселе. Үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Жақында бiр-екi мәтiнiн қарайтын боламын. Осыған шұғылданып жүрген ғалымдарды, тiлмаштарды — барлығын жинап, солармен отырып, бiр жобаға тоқтайтын боламыз.

Бұдан бөлек Президент халықаралық ЕХРО-2017 мамандандырылған көрмесiн өткiзудiң маңыздылығына тоқталып, оның жұмысы аяқталғаннан кейiн кешен нысандарын пайдалану жоспары туралы ойымен бөлiстi.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президентi:  — ЕХРО-2017 занимает особое место. Завоевать право проведения в Казахстане было не совсем простым делом. Мы полагали, что за все три с половинной месяца проведения посетят Казахстан около двух миллионов. Только за 2 месяца посетили уже 2,5 миллиона. А если посещение, стоят специальные машины, которые считают, кто зашел-вышел, около 20 миллионов человек.

Сұхбаттың толық нұсқасын 21 тамыз, дүйсенбi күнi кешкi сағат 21:30-да «Хабар» және «Хабар 24» арналарынан көре аласыздар.

 

Құрылған күні: 18.08.2017
Қаралым саны: 1923

Қаз Рус Eng