Ақмола облысы 800 тонна ұнның алғашқы коммерциялық партиясын Біріккен Араб Әмірліктеріне жеткізді

Бұл туралы аймақ басшысының кеңесшiсi Марат Иғали Фейсбуктегi парақшасында жариялады. Марат Иғалидiң мәлiметi бойынша, Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин Дубайдың сауда-өнеркәсiптiк палатасының штаб пәтерiнде осы ұйымның басшысымен кездестi.

«Кездесуде Ақмола облысында шығарылатын ұнды БАӘ жеткiзу мәселесi сөз болды. Қазақстандық 800 тонна ұнның (оның 640 тоннасы бiрiншi сорт және 160 тоннасы жоғары сорт) алғашқы коммерциялық партиясын «INTER TRADE» ЖШС ағымдағы жылдың осы наурыз айында жеткiздi», — деп атап өттi Марат Иғалиев.

Арабтардың пiкiрiнше, ақмолалық ұн жоғары сапасымен ғана емес, экологиялық жағынан тазалығымен ерекшеленедi. Осы ретте, ақмолалық ұнның МЕМСТ 26574-85 және ИСО 9001-2009 стандартына сай болып отырғанын айта кеткен жөн.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екiжақты ынтымақтастықты одан әрi дамыту туралы келiсiмге келдi. Алдағы уақытта қазақстандық ұнды БАӘ-не Ақмола облысындағы өзге де тауар өндiрушiлерде жеткiзетiн болады.

Еске салай кетейiк, Дубайдың сауда-өнеркәсiптiк палатасы 1965 жылы жергiлiктi бизнестi қорғау және қолдау мақсатында құрылған болатын. Сонымен қатар, Мәлiк Мырзалиннiң БАӘ сапары барысында Ақмола облысында инвестициялық парк құру мәселесi де сөз болды.

Сілтеме

Құрылған күні: 11.03.2018
Қаралым саны: 3074

Қаз Рус Eng