Аймақ басшысы бірқатар түлекке «Алтын белгі» тапсырды

Ақмола облысында 215 түлекке «Алтын белгi» тапсырылды.

Аймақ басшысы Мәлiк Мырзалин Көкшетау қаласындағы Тәуелсiздiк алаңында «Сәт сапар, түлектер — 2017!» тақырыбында өткен салтанатты жиынға қатысып, алтын ұя аяулы мектептен түлеп ұшқан ұл-қыздарды құттықтады. «Бұл күнде Қазақстан қоғамдық тұрақтылықтың, экономикасы мен саяси жүйесi қарқынды дамыған және қалыптасқан жаңа мемлекеттiң жарқын үлгiсi болып отыр. Бұл Елбасының көрегендiлiгi мен салиқалы саясатының арқасында екендiгi сөзсiз. Биылғы жыл ел жүрегi Астана қаласында өтiп жатқан «ЭКСПО — 2017» мамандандырылған көрмесiмен ерекшеленiп отыр. Қазақстанда оқимын деген жастарға бiлiмнiң даңғыл жолы ашық. Болашақта бiлiктi маман болып қалыптасып, өз елiн сүйетiн елжанды, парасаты биiк ұрпақ ретiнде егемендi елге аянбай тер төгетiндерiңiзге сенiмiм зор»,-дедi өңiр басшысы өз сөзiнде. Салтанатты шарада Көкшетау қаласындағы №5 «Таңдау» көпсалалы гимназиясының түлегi, «Үздiк аттестат» иегерi Инур Маратова өзiнiң ақжарма тiлегiн үш тiлде жеткiздi. Көкшетау қаласы бойынша 56 «Алтын белгi» иегерiне 100 мың теңге көлемiнде, 24 «Үздiк аттестат» иегерiне 70 мың теңге көлемiнде сертификаттар табыс етiлдi. Айта кету керек, биыл Ақмола облысы бойынша 4331 түлек алтын ұя мектептерiнен түлеп ұшты. Оның 214-i «Алтын белгi», 97 бала үздiк аттестат иегерi.

 

Құрылған күні: 12.06.2017
Қаралым саны: 994

Қаз Рус Eng